Атыраудағы өрт сөндірілді: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Атыраудағы Baizaar сауда ойын-сауық орталығындағы өрт сөндірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, өрт аумағы - 1000 шаршы метр.

Ғимараттың екінші қабатындағы қойма мен шатыры өртенген.

"Өрт сөндіруге жеке құрамның 90 адамы, 12 техника жұмылдырылды. Оның жетеуі негізгі техника және бесеуі арнайы техника. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері 80 адамды, оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге көшірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрт толық сөндірілді, ешқандай қауіп жоқ", - деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Назарәлі Селимов.

Бұған дейін департамент қалың түтін мен жанғыш материалдардың көп болуынан өртті сөндіру қиынға соққанын хабарлаған.

Еске салайық, бүгін Атырауда Құлманов көшесіндегі Baizaar сауда ойын-сауық орталығында өрт шыққан болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз