- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраудағы мектеп балалардың...
Атыраудағы мектеп балалардың кітап оқуы үшін ерекше әдіс ойлап тапты
Атыраудағы "Зияткер" мамандандырылған мектеп-лицейі оқушылар арасында "Kitap Fest - 2023" фестивалін ұйымдастырылды. Балалар өздері оқып, ұнатқан кітаптың мұқабасын торт пісіріп бейнелеп, кітап мазмұны туралы әңгімелесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9-10-сынып оқушылары арасында өткен фестивальге 30-дан астам оқушы қатысқан.
"Кітаптар мектеп оқушыларына оқуға ұсынылған 100 көркем шығарма ішінен таңдалып алынды. Оқушылардың таңдауы түскен кітаптардың ішінде Дулат Исабековтің "Гауhартас", Міржақып Дулатовтың "Бақытсыз Жамал", "Оян, қазақ", Джон Бойнның "Мальчик на вершине горы", Анна Гавальданың "35 кило надежды", Луиза Мэй Олкоттың "Кішкентай ханшайымдар" атты шығармалары бар.
Оқушылар кітапты фестиваль алдында бекітілген уақыт ішінде оқып шыққан болатын. Фестиваль кезінде балалар кітаптың мазмұнын баяндап, идеясын талқылап, басқа оқушылар алдында насихаттады және тәтті торт-кітап дайындап, достарына бөлісті", - дейді "Зияткер" мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абай Ақмұрзиев.
Фестиваль аясында жеңімпаз командалар марапатталған.
Ұйымдастырушылар осымен екінші мәрте өткізіліп отырған фестиваль нәтижесінде оқушылар арасында кітапқа қызығушылық артып отырғанын айтты.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан