- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраудағы Махамбет ауылына...
Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді
Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық жедел штабқа сілтеме жасап.
Жедел штаб мәліметі бойынша, Махамбет ауданының орталығы – Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жол жабылған.
"Жайық өзенімен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндірді. Соған байланысты Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғаған тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылды. Махамбет ауданының әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады. Алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмысты жүргізу мүмкін болмай тұр", - деп хабарлады.
Су деңгейі төмендегеннен кейін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіні жоспарланып отыр.
"Су тасқынымен күресте уақытша қолайсыздықтар туындайды. Бірақ аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Сарытоғай елді мекенін Махамбет ауылына қатынаушылар "Сейтек" шәйханасы жанындағы айналма жолмен жүруіне болады", - деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы