Атыраудағы лас ауа: ТШО-ға 630 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Атыраудағы лас ауа: ТШО-ға 630 млн теңгеден аса айыппұл салынды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында "ТШО" ЖШС-ға 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы ауа ластануына байланысты талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заңбұзушылықты анықтаған.

"Теңізшевройл" ЖШС 2023 жылғы 3 және 4-тоқсанда, сондай-ақ, 2024 жылғы 1 және 2-тоқсанда экологиялық рұқсат етілген нормадан тыс ауаға 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған. Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды. Осыған байланысты "Теңізшевройл" ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл шешім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін өрт салдарынан Атырау түтінге тұншығып отырғаны хабарланды. Өңір әкімі Серік Шәпкенов "Ақжайық" резерватындағы өрт бұрын-соңды дәл осылай ұзаққа созылмағанын айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget