Атыраудағы қоймада өрт шықты

Атыраулық өрт сөндірушілер қоймадағы өртті сөндірді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Құрманғазы ауданы Самаркин ауылында азық-түлік дүкеніне жапсарлас салынған қойма өртенді.

"Дереу жеткен өрт сөндіру бөлімшелері отпен күресіп, өрттің таралуына жол бермеді. 90 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндірді", - деп хабарлады ведомство.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз