Бірнеше күннен бері атыраулықтарды әбігерге салған қамыс өрті енді тікұшақпен сөндіріліп жатыр. Тікұшақты көмекке Маңғыстау облысы жіберіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Себебі Атыраудағы өрт сөндіруге арналған тікұшақ жуырда апатқа ұшырап, салдарынан бірнеше адам көз жұмды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, жаңа тікұшақ жазда алынады.
Бұған дейін қамыс өрті салдарынан Атырауды кеше көк түтін басып қалғанын хабарланған еді.
Атыраудан 30 шақырым жердегі Дамбы селосы маңындағы Каспий жағалауында болып жатқан өрт шамамен 89 гектар аумаққа таралған.
Оқиға орнында Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті мен "Ақ Жайық" резерваты қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта тікұшақпен су төгу құрылғысы арқылы қамыс өртін сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!