- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраудағы дөнер сататын...
Атыраудағы дөнер сататын асханада түсірілген видео Интернет қолданушыларының жағасын ұстатты
Атыраудағы "Алматы дөнер" асханасында түсірілген видеожазба қолданушылардың жағасын ұстатты. Роликтің авторы таяуда бұл видеоны әлеуметтік желі мен YouTube-қа жариялап, ол жердегі санитарлық талаптардың қалай орындалып жатқанын жайып салды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Автордың айтуына қарағанда, ол жердегі қызметкерлер етті сақтап, жуу үшін дәретхананы қолданған. Видеода "Тауықтарды салуға арналған табақ унитазда жуылады" деген дауыс естіледі.
КТК телеарнасының мәліметінше, видео жарияланғаннан кейін дәмхана жөндеу жұмыстарына байланысты жабылып қалған. Ал тамақтану орнының иесі ол жазбаны біреу әдейі жасады деп отыр. "Ол кісімен мен сөзге келіп қалып, аздап арамызда түсініспеушіліктер болған. Одан кейін де біздің жұмысшы балаларға келіп, аздап қоқан-лоққы көрсетіп жүрген жігіт. Мен ойлап отырмын соған принцип ұстаған. Клиент азая берсін, мен жұмыс істей берем", - деді "Алматы Дөнер" тамақтану желісінің қожайыны Ғалымжан Төлеген.
Ал санитарлық қызмет түрік тағамдарының асханасын тексере алмаймыз деп отыр. "Жоспарлы және жоспардан тыс тексеру болған жоқ. Біздерге арыз-шағым түскен жағдайда әрине, ол жоспардан тыс тексерілуге жатады", - деді Атырау қалалық тұтынушылар құқығынқорғау басқармасының бас маманы Қаламқас Аманжолова.