Жуырда Атырауда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. ҚМА осы іске қатысты видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда қымбат көліктер, пәтерлер, жер телімдері көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін ұйымдастырушылар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы елдің әр өңірінде (Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және басқа қалаларда) орналасқандай етіп, 30-дан аса стоматологиялық клиниканы пайдаланғаны хабарланды.
Шын мәнінде бұл медицина ұйымдары тек қағаз жүзінде болған, халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген. Олардың ғимараттары да, жабдықтары да, білікті қызметкерлері де болмаған.
ҚМА мәліметінше, зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер жалпы құны 600 млн теңгеден асатын 15 қымбат көлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade), сондай-ақ, зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова