- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраудағы бассейнде төбелес...
Атыраудағы бассейнде төбелес шығып, үш күдікті ұсталды
Әлеуметтік желіде Атыраудағы бассейндердің бірінде шыққан төбелестің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Кадрлардың бірінде бассейннің айналасындағылар жанжалдасып жатқаны естіледі. Ал тағы бір видеода жедел жәрдем қызметкерлері ер адамды зембілге салып алып кетіп бара жатқаны көрінеді.
Оқиғаға қатысты Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
"22 шілдеде сағат 20:09 шамасында №2 полиция бөліміне Жұлдыз тасжолы бойында орналасқан бассейн кешенінде белгісіз біреулер арасында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Хабарламаны тексеру барысында 2007 жылы туған жасөспірім құтқарушылардың біріне әлдебір ер адам "ұстағаны" туралы шағымданған, бұл құтқарушылар мен бассейнге келушілер арасындағы төбелеске себепші болған", - делінген ПД хабарламасында.
Атырау облысы ПД мәліметінше, 2001 және 2005 жылы туған екі адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген
"1993, 1994 және 1995 жылы туған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан