Атыраудағы балабақшалардың бірінен жарқанаттар шықты

Атыраудағы балабақшалардың бірінен жарқанаттар шықты. Мұны ата-аналар әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Atyrau press-ке сілтеме жасап.

№48 балабақшаның меңгерушісі Лира Бөлекбайқызының айтуынша, жарқанаттар шыққаннан кейін мектепке дейінгі мекемеде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. 

"Жертөледе дәрілеу жұмыстарын жүргіздік. Наурыз айында тағы да дезинфекция жүргізуді жоспарлап отырмыз. Балабақша қызмектерлерінің айтуынша, мұнда бұған дейін де жарқанаттар шығып жүрген екен. Ғимарат ескі. 1984 жылы салынған. 40 жыл бойы күрделі жөндеу жасалмаған. Ал мен өзім бұл балабақшаның меңгерушісі болып 2022 жылғы наурыз айында тағайындалдым", - дейді Лира Досәлиева. 

Ал Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, былтыр тұрғындардан 112 нөмірі арқылы жарқанаттар бойынша 20 шақырту түскен екен. Ал биыл бірде бір шағым түспепті. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!