- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраудағы әскери бөлімнен...
Атыраудағы әскери бөлімнен қару ұстаған сарбаз қашып кетті
Атыраудағы әскери бөлімнен қару ұстаған сарбаз қашып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін БАҚ 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні әскери бөлімнен қару-жарақ пен оқ-дәрі алып қашып кеткен сарбаз туралы хабарлаған болатын. Оны ұстамақ болғанда, сарбаз оқ жаудырған көрінеді.
Оқиға 8 мамырда Атырау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде болған.
"2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді әскери қызметшінің өзіне бекітілген қарумен аз мерзімге рұқсатсыз кетіп қалу фактісі тіркелді", - деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім орналасқан жерде, зардап шеккендер жоқ. Тергеуге байланысты басқа ақпарат жария етілмеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан