Атырауда тергеліп жатқан оқиғаға қатысты жаңа ақпарат шықты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Басылым мәліметінше, оқиға Атырау облысында 25 шілдеде болған. Сол күні 1996 жылы туған ер адам мен 1992 жылы туған әйел адамның денесі пәтерден табылған. Олар ерлі-зайыпты болған, төрт бала тәрбиелеп отырған. Бүгінде соталды тергеу жүріп жатыр.
Ауыл тұрғындарының сөзінше, пәтерде өлі табылған ер адам Құрманғазы аудандық әкімдігінде жастар саясаты мәселелері басқармасының аудандық бөлімшесінде жұмыс істеген. Ал бір кездері тойларда асабалық қызмет те атқарып жүрген. Ерлі-зайыпты ажырасу процесінде жүрген.