Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болған еді. Осы іске байланысты балабақшаның директоры мен тәрбиешісі ұсталған еді. Сот олардың бұлтартпау шарасын өзгертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 шілдеде Атыраудағы "Чебурашка" балабақшасында бала кәріз құдығына құлап мерт болды.
"Баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін полиция қызметкерлері сол күні қала прокуратурасының нұсқауымен соталды тергеуді бастады. Атырау қаласы бойынша балабақша директоры мен тәрбиешісі ұсталып, Атырау қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
12 шілдеде сот оларға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!