Атыраудағы 3 жасар егізге қатысты оқиға: сараптама тағайындалды

Атыраудағы 3 жасар егізге қатысты оқиға: сараптама тағайындалды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырау облысының Полиция департаменті "үш жасар егізді өз әкесі зорлады" деген айып бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Атырауда 3 жастағы егіз ұл мен қыз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады деген ақпарат тарады. Бұл туралы НеМолчиKZ қоры өкілдері жазды.

Мәліметке сүйенсек, күдікті - балалардың туған әкесі. Әйел балаларын 43 жасында эко арқылы дүниеге әкелген. Ол егіз ұл бен қызды көп күткен. Алғашқы белгілер балабақшада байқалыпты: балалар бір-бірінен ажырағысы келмеген. Кейін балалардан қан көрінген. 

Балалардың анасы кінәлі адам жазаланғанын қалайды. Оның сөзінше, күдіктінің құзырлы органдарда таныстары бар. Енді әйел балаларына оңалту шаралары қажет екенін де жеткізді.

Ал Атырау облысының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты былтыр қарашадан бастап қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір қосымша кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалған. Нәтижеге сәйкес құқықтық шешім қабылданатыны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда 3 жастағы егіз ұл мен қыз зорланды деген ақпарат тарағаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова