Атырауда зиратты талқандады деген күдікпен үш жасөспірім ұсталды

Атырауда зиратты талқандады деген күдікпен үш жасөспірім ұсталды
Фото: Видео кадры

Атырауда зиратты талқандады деген күдікке ілінген үш жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" порталына сілтеме жасап.

Еркінқала ауылы маңындағы қабірлердің бүлінуіне қатысты полиция соталды тергеу бастағанын мәлімдеді.

"Күдіктілер анықталып, ұсталды. Нәтижесінде үш күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Олардың барлығы кәмелетке толмаған, тергеу барысында олардан заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазір заңда көзделген барлық тергеу амалы жүргізіліп жатқаны айтылды.

Кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының есебіне қойылады, ал іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберіледі. Тергеу барысында құқықбұзушылардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі де қаралмақ.

Еске салайық, Атырауда полицейлер зиратты талқандағандарды іздестірген болатын. Олар құлпытастарды қиратып, қоршауларды сындырған, темір ай-шолпыларды жұлып алып, жерге қадап кеткен. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget