Атырауда заңсыз вейп сатқан дүкен иесіне қылмыстық іс қозғалды

Атырауда заңсыз вейп сатқан дүкен иесіне қылмыстық іс қозғалды
Фото: Коллаж: Polisia.kz, depositphotos.com

Атырау қаласында Учаске жедел профилактикалық іс-шарасы аясында құқықбұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында әкімшілік аумақтарды аралау жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде заңсыз вейп сату фактісі бойынша дүкен иесіне қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы шара барысында №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қала аумағында орналасқан темекі өнімдерін сататын дүкеннің заңсыз вейп сату фактісін анықтады.

Полицейлер дүкеннен 28 дана тыйым салынған электронды темекіні тәркілеп, дүкен иесіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2024 жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда вейптерді сатуға заңды түрде тыйым салынған болатын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабына сәйкес мұндай құқықбұзушылық жасаған тұлғалар 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуден бастап, 50 тәулікке дейін қамауға алынуға дейінгі жауапкершілікке тартылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина