Атырауда вагон мен қоғамдық автокөлік соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 шілдеде сағат 14:00 шамасында Рауан көшесінде вагон мен жолаушылар тасмалдайтын қоғамдық автокөлік соқтығысып қалған.
"Вагон аталған жерде орнынан қозғалып, қорғалмаған жерде жүріп келе жатқан Youtoung маркалы автокөлігіне соққан", - делінген полиция хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, қоғамдық автокөліктегі жолаушылардың жағдайы бірқалыпты.
Бұл дерекке қатысты тиісті іс-құжаттары жинақталып жатқаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!