Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты
Фото: әлеуметтік желі

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, 23 наурызда кәмелетке толмаған А. басқа үш қызбен бірге Атырау қаласындағы мұз айдыны ғимаратында араб тіліндегі жазуы бар Қазақстан Республикасының Туымен суретке түсіп, оны әлеуметтік желі арқылы таратып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Оның кінәсі әкімшілік құқықбұзуышылық туралы хаттамамен, суретпен, баянатпен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденген.

"Сот қаулысымен кәмелетке толмаған А.-ның заңды өкіліне әкімшілік жаза ретінде 39 320 теңге әкімшілік айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget