Атырауда қамыс өртінің жалпы аумағы 690 гектарға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Салдарынан қала ішін күлімсі иіс алып кетті. Аптап ыстыққа қосылған иіс ауаны одан сайын қапырық етіп тұр.
Ал синоптиктер аптап ыстықтың Атырауда бірнеше күнге жалғасатынын айтып жатыр.
"Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша қамыстың бықсуы анықталып отыр. Бүгін, 9 шілде күні ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен 08:30 сағаттағы ақпарат бойынша 11 рет су төгу жұмыстары жүргізілді.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, "Ақжайық" МТР, "Казавиақұтқару" АҚ барлығы 97 адам, 15 техника, 4 мотопомпа жұмылдырылды", - деп түсінік берді Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!