- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда үш айлық...
Атырауда үш айлық сәби жансақтауда қайтыс болды
23 желтоқсанда Атыраудағы №2 облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуынан үш айлық бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Сәби 9-15 желтоқсан аралығында ЖРВИ және жедел бронхит диагнозымен ауруханада емделген. Жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылған. Ауруханадан шыққан кезде мекен жайы бойынша №1 емханаға бекітілген. Екі күннен кейін баланың ата-анасы емдеу мекемесіне қайта барып қаралған. 21 желтоқсанда жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, жөтелі күшеюіне байланысты ауруханаға қайта жатқызылған.
№2 Атырау облыстық ауруханасы әкімшілігінің мәліметінше, қойылған диагноз негізінде науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес емдік-диагностикалық шаралар тағайындалған. 23 желтоқсанда нәресте ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылыпты. Алайда кейін жүргізілген жансақтау шараларына қарамастан бала көз жұмды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова