- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік қылмыс
Атырауда үш адамды өлтірген ер адамға үкім шықты
Атырауда көңілдесінің пәтеріне от қойып, үш адамның өмірін қиған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол марқұмдардың жақындарына екі ай ішінде 21 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға биыл сәуір айында болған. 31 жастағы күдікті 28 жастағы келіншектің пәтеріне жанармай алып кіріп, баспанаға өрт қояды, салдарынан әйелдің 10 және 7 жастағы балалары сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал келіншектің денесінің 90 пайызы күйіп, ауруханада көз жұмды.
Тергеу мәліметінше, ажырасқан келіншек өзі көңіл жарастырған күдіктімен арақатынасты үзбек болыпты. Арты жанжалға ұласқан. Тіпті тамағына пышақ тіреп, "өлтіремін" деп қорқытқан. Есі шыққан марқұм оны алдап-сулап, дүкенге жіберген. Кете салысымен, басқа таныс еркекті көмекке шақырыпты.
Үйде бөтен адамның барын көрген күдікті жақын маңдағы жанармай бекетінен бензин әкеледі. Есіктен кіре алмаған соң, терезеден түсіп, пәтерге от қойып жіберген.
Сотта ол жалпы тергеудің дұрыс жүрмей, өзіне жала жабылғанын айтып ақталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан