• 499.31
  • 490.7
  • 5.62

Атырауда ұлын суицидке оқталуға дейін жеткізген ер адам сотталды

Атырауда ұлын суицидке оқталуға дейін жеткізген ер адам сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Атырауда ұлын өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін жеткізген ер адам сотталды​, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл іс Атырау қаласының №2 сотында қаралды.

Оқиға қалай болған?

Сот мәліметінше, 2023 жылы қарашада сотталушы өзінің кәмелетке толмаған баласына қатыгездікпен қарап, оның өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін жеткізген.

Көрсетілген мән-жай мен сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, кәмелетке толмаған куә мен іс бойынша куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық, қосымша кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен өз дәлелін тапқан.

Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұраған.

Сот шешімі

Сотталушы тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігінің негізінде түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова