Атырау облысында полицейлер құқық қорғау органдарының жалған қызметтік куәліктерін дайындау және сатумен айналысқан заңсыз бизнестің жолын кесті. Тінту кезінде күдіктіден 800-ден аса жалған құжат табылды, деп хабарлайды Massaget.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
23 қарашада полицейлер ішінде төрт ер адам болған Lexus 470 автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында сыртқы түрі пистолет макетіне ұқсайтын зат, сондай-ақ ҰҚК қызметкерінің куәлігі табылды.
Тексеріс куәліктің жалған екенін көрсетті. Кейінгі жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жалған құжат дайындады деген күдікпен Атырау облысының 39 жастағы тұрғынын анықтады.
Ер адамның тұрғылықты жерін тінту кезінде әртүрлі мемлекеттік органдардың 803 жалған куәлігі тәркіленді. Олардың ішінде:
Бұдан бөлек, полицейлер 367 ҰҚК эмблемасын, мөр, компьютерлік техника, принтер, қатты диск және жалған құжат жасауға пайдаланылды деген басқа да заттарды тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жалған куәліктерді сатумен айналысқан. Сондай-ақ тоқтатылған Lexus көлігіндегі жолаушылардың бірі одан осындай құжаттар сатып алғаны анықталды.
Қазіргі уақытта полицейлер істің мән-жайын, сыбайластарды және жалған куәлік сатып алушыларды анықтап жатыр.