- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда Түркия азаматы...
Атырауда Түркия азаматы 5 жылға сотталды
Атырауда жол апатына себепкер болған Түркия азаматы сотталды. Қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Махамбет аудандық сотының Түркия Республикасының азаматы Д.-ға қатысты үкімі апелляциялық тәртіпте қаралды.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы азамат көлік жүргізгенде жол жүрісі және көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзған, салдарынан үш адам опат болды. Ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан және 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Іс апелляцияда сотталған Д.-ның қорғаушысының апелляциялық шағымы бойынша қаралды. Ол сотталғанға тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұраған. Бірінші саты сотымен сотталғанға жаза кінәні мойындау туралы процестік келісім негізінде тағайындалған. Сот тарапынан процестік келісімнің негізділігі тексерілді. Алқа сотпен тағайындалған жаза мерзімін төмендетуге немесе жазаны жеңілдетуге негіз жоқ деген қорытындыға келеді. Алқа сотталғанның жеке басын зерделеп, оның жасаған қылмысының сипаты мен дәрежесін, қылмыс зардабы үш адамның өліміне әкеп соққанын ескеріп, бірінші сатыдағы сотпен оған жеке басына, жасаған әрекетіне сай заң шеңберіндегі жаза тағайындалған деп тұжырымдаған", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сот алқасының шешімі бойынша сот үкімін өзгеруге немесе оның күшін жоюға негіздер анықталмағандықтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз қалып, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады.
Сот үкімі күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан