Атырауда тұрғынның көлігінен 70 келі бекіре балығы тәркіленді

Атырауда тұрғынның көлігінен 70 келі бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге қала аумағында күдік тудырған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында автокөлік салонынан бес полиэтиленді пакетке салынған салмағы 70 келі болатын 23 бекіре тұқымдас балық өнімі тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!