Әлеуметтік желіде "Атыраудан тұрғындар жаппай кетіп жатыр" деген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрдан перрондағы көп адамды көруге болады. Атырау облыстық Жедел штаб мәліметінше, видео авторы халықты адастырып, "тұрғындар қаладан жаппай кетіп жатыр" деген жалған ақпарат таратқан.
"10 сәуірде станцияға бір мезгілде төрт пойыз келді:
- Құлсарыдан вахталық жұмысшылар бар пойыз;
- Атырау-Құлсары бағытында бес вагоннан тұратын тегін пойыз;
- Ақкөл (Құрманғазы ауданы) бағытына жүретін пойыз;
- Алматыға дейінгі пойыз.
Пойыздар жөнелтілгеннен кейін вокзал перрондары босап, жолаушылар жолға шықты. Қазіргі уақытта вокзалда ешқандай қарбалас жоқ", - деп жазылған Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб хабарламасында.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері тұрғындар арасында жалған ақпарат таратпауды және тек тексерілген деректерге сенуді сұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!