Атырауда Нұрсая шағынауданындағы тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 1 қаңтарда сағат 2.33-те Елорда даңғылында орналасқан "Family" тұрғын үй кешенінің екінші блогының сыртқы қаптамасы жанып жатқаны анықталған. Ал жанған аумақ 250 шаршы метр болады. Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау пиротехникалық бұйымдардан тұтанған болуы мүмкін.
Оқиға орнына дереу жеткен өртсөндірушілер қызыл жалынды сағат 03.19-да өшірді. Бұл жұмысқа 9 өрт сөндіру көлігі мен жеке құрамның 53 қызметкері жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз