Атырауда интим қызмет көрсетушілер арасында транссексуал мен ер адам анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интим қызмет көрсететін саунаны анықтады. Саунада еліміздің түрлі өңірлерінің - Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының 8 тұрғынына "қызмет" көрсетілген.
Әкімшіге ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында интим қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интим қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды. Қазақстанға қарашада келген шетелдікке қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды. Барлығы жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда өзбекстандық және қырғызстандық әйелдер интим қызмет көрсеткені хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!