Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атыраудағы жағаұстатар оқиғаға қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ өкілінің сөзінше, Атырау облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір тұрғындарының бірі қасақана АИТВ жұқтырғанын анықтаған.
"Ол күдікті деп танылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Санжар Әділов Мәжілістегі брифингте.
Ведомство мәліметінше, күдікті сот шешімімен екі айға қамауға алынған. Журналистер "бұл іс бойынша бірнеше адам емес, бір ғана күдікті бар ма?" деген сұрақ қойды.
"Жедел тергеу іс-шараларын жүргізіп, қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды анықтап жатырмыз", - деді Санжар Әділов.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда трансгендерлер қасақана АИТВ жұқтырды деген күдікке ілінді.
Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, 23 және 28 жастағы екі адам ұсталған, олар 2025 жылы желтоқсаннан бастап өздерінде АИТВ инфекциясы бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интим қызмет көрсетуін жалғастырған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!