Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған төрт жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.
"Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!