Атырауда тонаушы 59 жастағы әйелді қылғындырып өлтірді, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
19 қазанда таңертең "Өркен" ықшамауданында қанды оқиға болып, 59 жастағы әйел көз жұмған. Басылым мәліметінше, үйдегі адамдар ерте жұмысқа кеткен. Ал әйел немересін сабаққа шығарып салып, қайтып келгенде, коттеджде ұры жүргенін байқаған. Ал ұры көп ойланбастан әйелді қылғындырып өлтірген. Марқұмның жақындары оның қаза болғанын түс кезінде көріп, полиция шақырған. Үйден алтындар мен бағалы заттар жоғалған.
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаны растаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыскер іздестіріліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!