Атырауда төленбеген 37 айыппұлы бар көлік айып тұрағына қойылды

Атырауда төленбеген 37 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 наурыз күні сағат 12:55 шамасында ЖБО-ның бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген Chevrolet автокөлігін борышкер ретінде анықтаған.

Автокөліктің 900 мың теңгеден астам төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!