Атырауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелер мен арықтарда су жиналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы жағдайға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Қала аумағындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында тиісті мекемелер үздіксіз жұмыс істеп жатқаны да айтылды.
Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар - мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар маңын судан тазарту тапсырылған. Қала әкімі Шәкір Кейкин көшелерде көлік қозғалысына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасауға тапсырма берген.
Қала әкімдігі мәліметінше, жиналған жаңбыр суын тазарту жұмыстарына 30-дан аса вакуум техникасы жұмылдырылған.
"Арнайы мамандар су басқан аумақтарды жедел тазартып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!