Атырауда Теңіз кенішінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдай 6 шілдеде Теңіздің өндірістік аймағынан тыс жерде болған.
Өрт НСС деп аталатын мердігер компанияның вахталық қалашық аумағындағы қоқыс контейнерлерінің бірінде шыққан. Өрт шығуына нақты не жағдай себеп болғаны белгісіз.
"ТШО-ның өрт және апатты тойтару қызметі оқиға орнына дереу жетті. Өрт дер кезінде оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ", - деді ТШО компаниясының Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімі өкілі.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!