Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 миллион теңге бопсалағандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Атырау облысы полиция департменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 миллион теңге қаражатты қорқытып алу дерегін анықтады", - делінген полиция таратқан хабарламада.
35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 миллион теңге алу кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 миллион теңгені заңсыз алды деген күдікке де ілінді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!