Атырауда тәркіленген екі тонна бекіре қайтадан теңізге жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Екі тонна бағалы балық қайтадан теңізге жіберілді. Маңғыстаулық шекарашылар браконьерлерден 300-ден аса бекіре және 200-ге жуық ұсақ тұқымды балықты тәркілеген. Осылайша мемлекетке келетін 817 миллион теңге шығынның алдын алған.
Бұл қазан айы басталғалы бері он күннің ішінде Каспийде жүргізілген шаралардың нәтижесі. Теңіз сақшылары су бетінен ұзындығы 74 шақырымға жететін браконьерлер құрған ауды жинапты. Атыраулық шекарашылармен бірігіп атқарылған рейд кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 18 адам ұсталып, үш қайық тәркіленді. Мамандар Каспийдің биоортасын қорғауға бағытталған шара жыл соңына дейін жалғасатынын айтты.
"Заң бұзған азаматтарға 520 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Теңізге жіберілген бекіре балығының жалпы салмағы 2 тоннадан асады. Жеделпрофилактикалық алдын алу шаралары жалғасуда. Күзет шекара кемелері мен қайықтары, шекара бөлімшелері мен техникалық бақылау топтары күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр", - дейді ҚР ҰҚК шекара қызметі жағалау күзеті басқармасының аға офицері Дәурен Оразов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!