• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Атырауда тәрбиеші баланы теуіп жіберген: қылмыстық іс қозғалды

Атырауда тәрбиеші баланы теуіп жіберген: қылмыстық іс қозғалды
Фото: "Ақ Жайық"

Әлеуметтік желіде Атыраудағы жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі бүлдіршінді теуіп жіберген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға балабақшаның дайындық тобында болған. Полиция бұл деректі растады.

"Бұл оқиға 15 қаңтарда Атырау шағын ауданындағы балабақшалардың бірінде болды. Қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі де оқиғаны растады.

Бұған дейін не болды?

Әлеуметтік желілерде тәрбиеші баланы аяқпен ұрған сәті түсірілген видео пайда болды. Оқиға жеке балабақшада болғаны анықталды.

Мекеме басшылығының айтуынша, құқықбұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан босатылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget