"Тарауыққа жиналған қала тұрғындарының түнгі мезгілде үйлеріне кедергісіз жетуі үшін тегін автобустар қызмет көрсетіп жатыр", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Автобустар тұрғындарды орталық мешіт маңынан төрт бағытқа, яғни, Авангард, Нұрсая, Балықшы, Вокзал маңы ықшамаудандарына тегін тасымалдауда.
"Атырау облыстық "Иманғали" мешіті мен Атырау қалалық әкімдігінің арасындағы келісім нәтижесінде, автобустар Рамазан айы бойы Тарауықтан шыққан азаматтарды тегін тасымалдайтын болады. Ізгі іске атсалысып отырған мекемелерге алғыс айтамыз" дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысы бойынша мешіттерде күніне 3700 адамға ауызашар беріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!