- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда танымал журналистің...
Атырауда танымал журналистің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды
Полиция қызметкерлері Атырауда танымал журналистің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Атырау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап ұстады.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, белгісіз біреулер журналист Виктор Сутягиннің көлігін жарып кеткені хабарланған болатын. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Виктор Сутягиннің ҚазАқпарат тілшісіне айтуынша, түнде оның көлігіне белгісіз біреу жақындап, "капотта бірдеңе жасаған", содан кейін жарылыс дауысы естілген. Журналистің айтуынша, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Виктор Сутягин - Атырауда танымал журналист. Ол 67 жаста. "ҚазАқпарат" ХАА-тің меншікті тілшісі болып жұмыс істейді. Бұған дейін "Каспийская коммуна", "Караван", "Казахстанская правда" және басқа да ақпарат құралдарында қызмет еткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек