Атырауда 28 жастағы әйел сүйіктісіне ренжіп, пәтерін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Atyrau Press басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 28 жастағы әйел Нұрсая шағынауданындағы пәтерді өртеп жіберген. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзге біреудің пәтерін өртеп жіберген. Яғни ер адам әйел адаммен бірге жалдамалы пәтерде түнеген. Артынша, ер адам 28 жастағы әйелді ұнатпайтынын және оған үйленбейтінін айтқан. Әйел ашуланып, жалдамалы пәтерді өртеп жіберген.
Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Басылым мәліметінше, екеуі де деструктив діни ағым өкілдері болып шыққан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!