Атырауда су тасқынымен күресуге көмектескен 5 жасар бала жұртты сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода бала ересектермен бірге су тасқынына қарсы жұмыстармен айналысқаны көрінеді. Алдияр есімді 5 жасар бала жасына қарамастан табиғи апатпен күресуге белсенді қатысып жүр.
Роликтің авторы Алдияр анасымен және Авангард ауданының басқа тұрғындарымен бірге өз қаласын, онкологиялық аурухана мен балалар үйі сияқты маңызды нысандарды қорғау үшін жағалауларды нығайту жұмыстарын істегенін айтады.
Кішкентай Алдиярдың батылдығы мен жанқиярлығы Атырау тұрғындарының ұйымшылдығы мен бірлігін көрсетті.
"Авангард ауданында қала үшін стратегиялық маңызды нысандар бар: онкологиялық аурухана, психо-наркологиялық диспансер, облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы және кішкентай балаларға арналған балалар үйі. Біздің аудан Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Ресей тарапынан Орск қаласынан Атырауға көп су келе жатқандықтан, біздің қаланы су басу ықтималдығы жоғары. Авангардтың жергілікті тұрғындары қалаға көмектесіп жатыр. Оcы жұмыстар кезінде Алдияр есімді кішкентай баланы көрдім, ол өзінің жасына қарамастан анасымен бірге қаланы су тасқынынан қорғауға көмектесті. Біздің қаламызға жақындап келе жатқан су бізді айналып өтеді деп үміттенеміз", – деді ролик авторы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!