- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда студенттерден пара...
Атырауда студенттерден пара алған 8 оқытушы қызметінен қуылды
Фото:
gov.kz
Атырауда студенттерден пара алған оқытушылар қызметінен қуылды, - деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 8 оқытушысы парақорлық әрекеті үшін жұмыстан шығарылған. Олар кейінгі 1,5 жылда студенттерден 5 мыңнан 400 мыңға дейін заңсыз ақша алған.
Осы арқылы білім алушылар үшін емтихан тапсырып, сессиясын жауып берген. Тіпті тест сұрақтарын саудалап, өндірістік практикаға жоғары баға қойған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек