Атыраудағы тұрғын үй кешенінде ішінде төрт адам бар лифт құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 5 қазанда сағат 10:05-те лифт шахтасына адамдар құлағаны туралы хабарлама түскен.
"Атырау қаласы Құлманов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасына адамдар құлағаны туралы ақпарат түсті", - деді ТЖД өкілдері.
Қала әкімінің баспасөз қызметі оқиға "Гранд Атырау" ТҮК-нің Б блогында болғанын нақтылады. Лифт ішінде төрт адам болған. Лифт не себепті құлағаны әзірге белгісіз. Оқиғаның себептерін жауапты қызметтер анықтап жатыр.
Атырау әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиғадан кейін жедел жәрдем үш тұрғынды тексеру үшін ауруханаға жеткізген. Тағы бір адам медициналық көмектен бас тартқан.
"Алдын ала ақпарат бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық", - деді әкімдік өкілдері.
Оқиға орнына Атырау әкімі Данияр Таханов барған. Қала басшысы оқиғаның себебін анықтауды тапсырған. Оқыс оқиғадан кейін билік қаладағы лифттердің техникалық жағдайын тексереді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова