- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда шетелдік азамат...
Атырауда шетелдік азамат биіктен құлап, мерт болды
Атырауда өзбекстандық азамат 9 қабаттан құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 10 қаңтарда сағат 19.26 шамасында Нұрсая шағынауданында болған. 60 жастағы ер адам 9 қабаттан секіріп, мерт болған.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, қаза тапқан ер адам - Өзбекстан азаматы. Қазіргі уақытта Қылмытсық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп жауап берді Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина