Атырауда сапасыз қызмет көрсеткен тіс емханасының ісі сотта қаралды

Атырауда тіс емханасы сапасыз қызметі үшін өтемақы төледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау қалалық сотында талап қоюшы А-ның (II топ мүгедегі) жауапкер жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 млн теңге моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы дәрігерге тісінің сапасыз емдеуіне байланысты ЖШС-на жүгінген.
Ем жүргізілгеннен кейін тісінің ауырғаны басылмай, талап қоюшы тіс емханасының дәрігеріне қайтадан барған. Дәрігер тісті қарамай, талап қоюшыға тісі іскен жағдайда қайта келетінін айтып, оны кері қайтарған.

Тісінің ісуіне байланысты талап қоюшы сол дәрігерге қайтадан жүгінген. Жауапкер талап қоюшыға облыстық ауруханаға ем алуға жолдама жазып берген. Талап қоюшыға ауруханада беттің іріңдеуі салдарынан ота жасалып, ұзақ уақыт ем алған.

Дауды сотта қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Келісімшарт бойынша жауапкер ЖШС-на талап қоюшыға 100 000 теңге моральдық зиян өтемақысы және дәрі-дәрмек үшін шығындарды төлеуге міндеттелді. Талап қоюшы талабынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен аталған медиациялық келісім бекітілді.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!