• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтады.

"Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ доллары болатын 175 дана жалған 50 долларлық купюра тәркіленді. Оның шет мемлекеттерден көлік әкеліп, сататыны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдікті жалған ақшаны қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексеріліп жатыр.

"Күдіктіге қатысты (Шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова