Атырау облысы полициясы күмәнді шабаданның кесірінен "Арын" құрылыс базары маңындағы аумақты қоршауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 28 қазанда таңертең болған.
"Атырау қаласы аумағындағы күмәнді шабадан мен қап туралы хабарлама түсті. Полицейлер жедел әрекет етіп, осы шабаданда киім-кешек барын анықтады", - деді облыстық ПД өкілі.
Бұл оқиға Атырау тұрғындарын үрейлендірген, олар оқиға орнынан суреттер жариялай бастаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!