Атырауда полиция формасын киген мас жүргізуші ұсталды

Атырауда полиция формасын киген мас жүргізуші ұсталды
Фото: Видео кадры

Атырауда полиция формасын киген мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Ол көлігімен бірнеше сағат бойы аялдамада тапжылмай тұрған. Мұны көрген тұрғындар дереу жедел жәрдем мен тәртіп сақшыларын шақырған. 

Оқиға орына келген полицейлер мен ақ халаттылар оны жедел жәрдем көлігіне отырғызбақ болған. Осы сәтте мас жүргізуші өзін таспаға түсіріп жатқандарға қарсылық көрсетіп, бет-жүзін жабуға тырысқан. Соған қарамастан, оны полицейлер жедел жәрдем көлігіне мінгізіп, медициналық тексерістен өткізген. Сараптама жүргізушінің мас екенін көрсеткен. 29 жастағы ер адам бұған дейін де алкоголь ішіп көлік тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Бірақ үстіндегі формасы болмаса, өзі ішкі істер саласына мүлдем қатысы жоғы айтылды.

"ҚР ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр, Полиция қызметкерінің киімін кигені үшін әкімшілік хаттама жасалып жатыр. Жинақталған барлық іс-құжат құқық бағасын беру үшін сотқа жолданады", - деді Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget