Атырауда полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі POLISIA.KZ мәліметіне сілтеме жасап.
1 ақпанда сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген.
"Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері - полиция аға лейтенанты Серік Жолдығалиұлы, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Жақсыбаев, учаскелік полиция инспекторлары - полиция лейтенанты Бағытжан Сабырғалиев пен полиция капитаны Ерболат Сапашев жедел жетті.
Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өзіне-өзі қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!