Атырауда полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы 24 мыңға жуық құқықбұзушылық анықтады

Атырауда полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы 24 мыңға жуық құқықбұзушылық анықтады
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жедел басқару орталығы - адамдар көп жиналатын орындарды бақылауға, жаяу полицияның және автопатрульдерінің іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар бейнекамералар құқықбұзушылықтың алдын алуда маңыздылығы зор.

Бүгінде Атырау қаласының аумағында 3 506 бейнебақылау камерасы орнатылған. Осы жүйенің көмегімен қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау және ашу арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады.

Мәселен, 2024 жылдың 11 айы бойынша бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалана отырып, 312 қылмыс және 23 978 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыстар бар.

Сонымен қатар бейнебақылау камераларымен анықтайтын әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірі - алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған күйде көлік тізгіндеу немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде болу.
 
"Interceptor" жүйесі арқылы 2024 жылдың 11 айында:

  • мемлекет алдында әкімшілік айыппұлдары өтелмеген борышкерлер саны - 3 876;
  • арнайы тұраққа қойылған автокөліктер саны - 1 333;
  • әкімшілік айыппұлдары өңделген саны - 2 543. 

"Сергек-Қорғау" жүйесі арқылы 2024 жылдың 11 айында 28 945 көрсеткіштер анықталған, оның ішінде:

  • айыппұл бойынша нұсқама берген - 19 477;
  • айып тұрағына қойылған - 470;

Материалды Атырау облысының әкімдігі ұсынды

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан